Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Еңбекшіқазақ аудандық ТЖБ аға инженері «Жыл адамы» құрметті атағына ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 тамызда Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара барысында түрлі сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Атқарылған қызмет нәтижелері бойынша Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Статников Никита Владимирович «Жыл адамы» номинациясы бойынша марапатталды.

Құрметті атақ азаматтық қорғау саласындағы кәсіби шеберлігі, аудан мен облыс аумағында өткізілген авариялық-құтқару жұмыстарына белсенді қатысуы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін берілді.

Марапаттау рәсімі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Сарабеков Ерболат Сарабекұлының қатысуымен өтті. Өз сөзінде ол жұмысшы және құтқарушы мамандық иелерінің өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтті.

Алматы облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы азаматтық қорғау аға лейтенанты Статников Никита Владимировичті лайықты марапатымен құттықтай отырып, оның кәсіби жолында жаңа табыстар мен биік жетістіктерге жететініне сенім білдіреді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1046682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді