🔰 САЙРАМ: АУДАН КӘСІПОРЫН ИЕЛЕРІНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес 2025 жылдың 7 тамызында Сайрам ауданы, Ақсукент кентінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Сайрам ауданына қарасты жұмыс жасайтын кәсіпорын иелерімен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесуге Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту бөлімше меңгерушісі Абдраимов Марат Зарқұнұлы, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Сарыбаева Салима Сабитқызы және ауданға қарасты кәсіпорын иелері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Еркен Мақсұтұлы ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2-тармағының 14), 15)-тармақшаларында көрсетілген «жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға» және «жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға» міндетті шарттарының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы өз түсіндірмесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне талдау жасап өтті.
 
🔹 Кездесу соңында қатысушылар тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кәсіпорын иелері тарапынан туындаған пікірлер мен ұсыныстары тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1047307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді