🔰 ТӨЛЕБИ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін, Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы мен Биділдә Ербол Серікбайұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына талдау жасау мақсатында Төлеби ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының ресми өкілдері мен ауданға қарасты кәсіпорын иелерінің қатысуымен кездесу өткізді.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы жұмыс берушінің жұмыскермен еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да тарқатып өтті.
 
🔹 Кездесу соңында кәсіпорын иелері тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1047327?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді