
Жастар арасында ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі – «Қызметкер Quiz» атты интеллектуалдық ойын. Бұл сайыс мемлекеттік мекемелерде еңбек ететін жас қызметкерлердің басын қосып, өзара таныстық орнатуға, бір-бірімен жақынырақ араласуға мүмкіндік берді.
Ойынның басты мақсаты – жас мамандар арасындағы татулықты нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінділік пен жылдамдықты шыңдау. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, командалық рухты қалыптастыру көзделді.
Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын көрсете білді. Іс-шара соңында жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушылар алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1047058?lang=kk
Жауап қалдыру