Астанада «Мен Отанымның патриотымын» зияткерлік сайысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    Астана қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Жас үміт» жобасы аясында әкімдік және Полиция департаментімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында «Мен Отанымның патриотымын» атты зияткерлік байқау өткізді.

   Іс-шара Қ.Қайсенов атындағы №27 мектеп қабырғасында өтіп, елорданың 8–11 сынып оқушыларының басын қосты.

   Байқаудың мақсаты – жасөспірімдерді азаматтық жауапкершілікке, Қазақстанның заңдарын, ұлттық рәміздерін, тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге баулу.

   Мектеп оқушыларының өзін-өзі құрметтеуге, саналы таңдау жасау және өз іс-әрекетінің салдарын түсінуін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

   Қатысушылар елдің тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері мен көрнекті тұлғалары туралы эрудиция мен білімнің жоғары деңгейін көрсетті.

    Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

   Байқау тек білім сынағы ғана емес, сонымен қатар жастардың көшбасшылық және азаматтық қасиеттерін ашудың маңызды алаңына айналды.

   Ұйымдастырушылар мұндай шараларды өткізу Қазақстанның белсенді, жауапты және отансүйгіш азаматтарын тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1047003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді