
Бекітілген жұмыс жоспарына сай, аудан әкімі Сымбат Төретаев, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, тұрғын үй және әлеуметтік көмек алу туралы мәселелерін көтерді.
Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштерге аудан басшысы заңдылыққа сәйкес оңтайлы шешiм табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар мәселесіне қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1047356?lang=kk
Жауап қалдыру