Батыс Қазақстан облысы әкімі Қаратөбе ауданында халықпен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің кезекті халықпен кездесуі Қаратөбе ауданынан басталды.
Аталған есептік жиын барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарға өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

«Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттер – инвестиция көлемін ұлғайту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін күшейту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру – бүгінде еліміздің барлық аймағында нақты іске асуда. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында біздің облысымызда да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді»,- дей келе аймақ басшысы облыс көлемінде жүргізілген жұмыстарға тоқталды.

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім бар.
Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі – 12%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 0,8%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 4,7%-ға, ішкі сауда – 9,4% – ға, көлік қызметтері – 18%-ға, ақпарат және байланыс қызметтерінің көлемі 24,3%-ға,  өнеркәсіп – 2,3% өскен. Сонымен қатар, жалпы өңірлік өнім көлемі 2024 жылы 4,7 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға артты. Бұл жан басына шаққанда 6,8 млн теңгені құрайды.

Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы, жол инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталып, Қаратөбе ауданы бойынша жүзеге асатын жобалармен таныстырды.

Жиын соңында тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды. Облыс басшысы олардың әрқайсысына жеке тоқталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Есептік кездесу тұрғындардың жеке қабылдауымен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1047547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді