
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес әйелдерге қатысты кемсітушілікті және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін семинар өткізілді.
Семинарда Атырау облысы ПД ЖПҚБ-ның Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкері Бақтыгереева Анаргүл Бақтыгерейқызы әйелдерге қатысты кемсітушіліктен, жыныстық қудалауды болдырмау және балалардың тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа тап болуды тоқтату және оның алдын алуға бағытталған құқықтық және тәжірибелік шаралар қабылдаудың маңызы туралы ақпараттар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1047170?lang=kk
Жауап қалдыру