
Коксакки вирусы — энтеровирустар тобына жататын, көбінесе балалар арасында таралатын жұқпалы вирус. Бұл вирус ауыз арқылы ағзаға түсіп, ішек жолдарында көбейеді, бірақ белгілері тек асқазан-ішек жолымен ғана шектелмейді — теріде, ауыз қуысында және бұлшықеттерде де көрініс табады. Жаз және күз айларында аурудың таралу қаупі жоғарылайды.
Жұғу жолдары:
Коксакки вирусы өте жұқпалы және келесі жолдар арқылы таралады:
Ауа-тамшы жолы – жөтелу, түшкіру кезінде;
Фекальды-оральды жолмен – лас қолдар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ арқылы;
Тікелей байланыс – вирус жұқтырған адамның терісімен немесе сілекейімен байланысқанда;
Ластанған су немесе тағам арқылы.
Ауру белгілері әдетте вирус жұққаннан кейін 3–6 күн ішінде пайда болады.
Негізгі белгілері:
Жоғары дене қызуы (жиі 38–39°C дейін көтеріледі);
Бас ауруы және бұлшықет ауруы;
Ауыз қуысында жаралар, тамақтың қызаруы, жұтынғанда ауырсыну;
Алақан мен табанда бөртпе (қызарып, ортасы көпіршік тәрізді болады);
Тәбеттің төмендеуі, бала тамақ ішуден бас тартуы мүмкін;
Іштің ауруы, кейде диарея;
Әлсіздік, жалпы мазасыздық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1047044?lang=kk
Жауап қалдыру