
– Павлодар полицейлері азаматтарға елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Мәселен, 2025 жылдың 7 айында полиция қызметкерлері иттер мен мысықтарды күтіп – бағу мен серуендетуді бұзғаны үшін 1092 үй жануарларының иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты-деп атап өтті Павлодар облысы ПД.
Мысалы, Павлодар қаласының аулаларының бірінде ит тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз жүрді. Нәтижесінде ол күтпеген жерден балаларға жүгіре бастады. Ит иесі иттерді серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.
Полиция департаменті үй жануарымен бірге көшеде жүргенде иесі айналасындағылардың, олардың мүлкінің және үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салады. Қарғыбау мен тұмылдырықты пайдалану тіпті өте агрессивті иттің ешкімге зиян тигізбеуін қамтамасыз етеді.
Тұрғындардың назарына! Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй – жайлардың иелері иттерді олардың қашып кетуіне жол бермейтін жеке ауланың шекарасында ұстауы керек және аулаға кіре берісте иттердің болуы туралы ескерту белгісі болуы керек-деп еске салды ведомствода.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1047485?lang=kk
Жауап қалдыру