Орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу бойынша бірінші кезеңнің нәтижесінде іріктелген мектептерге бару арқылы мониторинг жүргізуді тапсырды.
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы 2025 жылғы 29 шілде күні мониторингтің екінші кезеңіне сәйкес Тараз қаласындағы Шайқорық орта мектебі, Қоңыртөбе бастауыш мектебі, Әбірахман Әйтиев атындағы орта мектеп және №56 орта мектепке зерделеу жүргізді.
Мониторинг барысында келесі нысандар мен бағыттар қамтылды:
оқу кабинеттерінің оқу процесіне дайындығы;
асхананың санитарлық жағдайы мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі;
медициналық пункттердің жарақтандырылуы;
мектеп ішіндегі және сыртындағы қауіпсіздік шараларының сақталуы;
интернет желісінің қолжетімділігі мен тұрақтылығы;
акт залы мен спорт кешендерінің жай-күйі;
өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы.
Мониторинг нәтижесінде аталған мектептерде жөндеу жұмыстарының аяқталмағаны және оқу жылына толық дайын еместігі анықталды. Департамент басшысы анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және қалпына келтіру үшін мектеп әкімшілігіне және жауапты қызметкерлерге тапсырма берді.
Мониторинг қорытындысына сәйкес атқарылған жұмыстар тиісті органдарға жолданатын болады. Сонымен қатар, оқу жылына дайындық департамент бақылауына алынған.
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1047106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді