Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардың негізгі басым бөлігі жер кезегі мен инфрақұрылымдық жұмыстарды жақсарту жолдарын сұрады.

Атап айтқанда, тал кесу, ауыз су тарту, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Оның ішінде тұрғын үйді жөндеу жұмыстары, көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту, үй ауласын абаттандыру, су құбырын жаңарту бойынша сұрақ қойды.

Сонымен қатар сауда жасау үшін қосымша жер учаскесін бөлу, көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту, тал кесу, аулаларын пайдалану секілді өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ ауыз су құбырын реттеу жөнінде сауалдар жолдады.

Қала тұрғындарының әрбір сауалына назар аударған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1047261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді