Қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жататынын хабарлайды:
– қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
– бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
– Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
– тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
– салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
– тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1047337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді