ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады. Облыс және басқа қалалардың тұрғындары медицина, ауылды дамыту, жол инфрақұрылымы, спорт және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді.

Астаналық Игибай Шалов «Қазақстан кластері» жобасын ШҚО-ның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізу туралы бастама көтерді. Оның айтуынша, жоба қала мен ауыл арасындағы тиімді өзара қатынасты құруды көздейді. Аймақ басшысы бейінді ведомстволарға тұжырымдаманы, оның ішінде қаржылық-экономикалық негіздемені қарауды және оны жаңа бесжылдық жоспарға енгізуді қарастыруды тапсырды.

Быструха ауылының тұрғыны Татьяна Троеглазова ұлының еміне қажет «Хумира» дәрісін алуға көмек сұрады. Облыс әкімі Денсаулық сақтау басқармасына үнемделген қаражат есебінен препаратты сатып алуды жеделдетуді, сондай-ақ 2026 жылы қаржыландыруды бөлу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

«Денсаулық сақтау басқармасы орфандық аурулармен, оның ішінде кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит сияқты дертке шалдыққан балалардың толық тізімін жасауы қажет, олардың ешқайсысы медициналық көмексіз қалмауы керек», – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Көлік ғылымының докторы Нұрлан Нұғыманов механикалық грейдердің жаңа түрін таныстырды. Нұрымбет Сақтағанов жаңа техниканы аудан әкімдіктері мен жолдарды күтіп ұстау, абаттандырумен айналысатын мердігерлік ұйымдарға көрсету керектігін баса айтты.

«Егер сынақтар сәтті өтсе, онда біз бұл техниканың бүкіл ел үшін шығарылуын қамтамасыз ете аламыз. Бұл әсіресе осы көліктің көмегімен жолдарды ретке келтіруге болатын ауылдық округтер үшін өте маңызды болады», – деді облыс әкімі.

Риддер қаласындағы «Олимпиец» спорт клубының директоры Михаил Ковалев спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша сұрақтарымен жүгінді. Ол шаңғы трассасын абаттандыру мәселесін көтерді. Риддер әкімдігі жерді ресімдеу жұмысын жеделдетіп, спорт нысанын абаттандыру мүмкіндігін пысықтауы қажет.

«Риддер – қысқы спорт түрлері мамандарының ұстаханасы. Инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешу арқылы қалада түрлі деңгейдегі жарыстар өткізе аламыз. Қазір биатлон трассасын қайта құру және күтіп ұстау мәселесін де қарастыру қажет», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өскемен қаласының тұрғыны Ербол Мұхаметқалиев 22 шағын аудандағы учаскесін суға және электрмен жабдықтауға қосу туралы өтініш білдірді. Оған желілер қазірдің өзінде пайдалануға берілгенін, енді оларға қосылуды учаскелердің иелері жеке өздері жүзеге асыратынын айтты.

Ушаново ауылынан келген кәсіпкер Алмас Сетербаев шетелдік делегациялар үшін ресми қабылдаулар мен презентациялар өткізу кезінде «Globalinvest International» компаниясының өнімдерін (бал мен жеміс негізіндегі табиғи сусындар) пайдалануды ұсынды. Әкім бұл бастаманы қолдап, өнімді өңір қонақтарына ұсынылатын ақпараттық материалдарға енгізуді тапсырды.

Жеке қабылдау барысында айтылған барлық өтініштер бақылауға алынды. Жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1047352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді