
Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Азатуллаұлының төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағына байланысты мәжіліс өтті. Жиында 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында өтетін ұлттық ауыл шаруашылығы санағының маңызы мен ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді. Аталған санақ онлайн форматта жүргізіліп, Сайрам ауданы бойынша 305 заңды тұлға мен 9589 шаруа немесе фермерлік қожалықтар қамтылуы тиіс екені айтылды.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары ауылдық округ әкімдеріне санақ жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қазіргі таңда ауданда санақтан өткен шаруашылықтардың үлесі небәрі 8,1 пайызды құрайды. Осыған орай, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жауапты мамандардың жұмысын жүйелеу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1047667?lang=kk

Жауап қалдыру