
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиында алдағы жылыту маусымына, жаңа оқу жылына дайындық және бюджет қаражаттарын тиімді игеру мәселелері қаралды.
Жиналысқа аудандық бөлімдердің, ұйымдардың басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Әр сала бойынша жауапты басшылар баяндама жасап, нақты тапсырмалар берілді. Қаралған мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау қажеттілігі атап өтілді.
Жиын соңында аудан басшысы әрбір бағыт бойынша бақылауды күшейтіп, орындалу барысын тұрақты назарда ұстау қажеттігін тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1047672?lang=kk

Жауап қалдыру