
Қаламыздың беделді азаматтары мен ақсақалдарының, көше тұрғындарының ұсынысына сәйкес, өткізілген Республикалық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігінің және Түркістан облыстық мәслихатының «Кентау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» бірлескен қаулы мен шешімі бекітілген.
Бірлескен қаулы мен шешімге байланысты, Кентау қаласының құрылуына атсалысқан ҚР Құрметті кеншісі, Оңтүстік Қазақстан облысы және Кентау қаласының Құрметті азаматы Сақ Мәуленқұловқа арнап қаланың көшесіне атау берілді. Сақ Мәуленқұловтың есімін Кентау қаласындағы кіре беріс көшесінен (қала кіре берісінен Сейфуллин көшесі мен А. Ясауи даңғылы қиылысына дейінгі аралық 6060 м. қашықтық) «Транзит-сервис» автобекет мекен-жайына дейін орын алады. Қазіргі таңда Әділет басқармасына тіркеу жұмыстары жүргізіліп, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды. Алдағы уақытта мекен-жай регистрін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде. А.Ясауи қиылысынан Құрманғазы көшесіне дейінгі аймақ С.Сейфуллин көшесі болып өзгеріссіз қала береді.
Сақ Мәуленқұлы Мәуленқұлов – (15.06.1926 ж.- 11.04.2017ж.) КСРО Түсті металлургиясының корифейі. Даңқты кенші, өнертапқыш, КСРО Министрлер кеңісі сыйлығының лауреаты, «Қазан» төңкерісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Отан» ордендерінің иегері, І,ІІ.ІІІ-ші дәрежелі «Кенші Даңқы» төсбелгісінің, Ұлы Отан Соғысының 50,60,70 жылдықтары» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті Кеншісі, Оңтүстік Қазақстан облысы және Кентау қаласының Құрметті азаматы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1047811?lang=kk
Жауап қалдыру