
Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден бірінші жарыс күні қоржынымызға алғашқы күміс медаль түсті.
Ең жеңіл 50 келі салмақта әлем чемпионы саналатын Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір мәрте өтетін айтулы доданың финалына дейін жете алды.
Жерлесіміз финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен жолықты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғанымен, төрешілер нәтижелі әрекеті үшін, жеңісті қарсыласқа берді.
Жарыс жолындағы қарсыластары:
✅Силия Уикен (21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) – 4:0
✅Йоргелис Салазар (2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) – 3:0
❌Жунхуй Ванг – 0:1
1/2 финал.
✅Ема Сгарделли (2 дүркін Еуропа чемпионы) – 3:2
Бұл Дүниежүзілік ойындары бойынша Қазақстан тарихындағы небәрі екінші медаль. Бұған 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында Софья Берульцева топ жарған еді.
Енді ертең жарыс жолына Софья Берульцева (+68 келі), Әсел Қанай (61 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) шығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1048243?lang=kk

Жауап қалдыру