Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
– Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
– Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады.
Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1047993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді