Қазақстан – келісім мен жарасымның Отаны

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан – түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Ел ішіндегі өзара сыйластық, мәдениетаралық диалог пен толеранттылық – қоғамымыздың басты құндылықтарының бірі.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту жолында сан қырлы бастамаларды жүзеге асырды. Мемлекет әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың ана тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға толық жағдай жасап келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – осы бағыттағы жұмыстың жарқын үлгісі. Ол еліміздегі түрлі этностардың бірлігін бекемдеп, ортақ құндылықтарды нығайтуға қызмет етеді.

Бүгінгі қоғам – бір мақсат пен ортақ болашаққа ұмтылған азаматтардың бірлігі. Мемлекеттік тілді меңгеру, елдің дамуына белсенді атсалысу – барша қазақстандықтардың ортақ міндеті.

Қазақстан – бейбітшілік пен татулықты ту еткен ел. Осы құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елдің ертеңін жарқын ете бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1047840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді