
Кәсіби мереке – Құрылысшылар күні қарсаңында «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де құрылыс саласының зейнеткерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Қостанай қалалық атқару комитетінің күрделі құрылыс бөлімі 1964 жылы құрылды және 1965-1999 жылдар аралығында Қостанай қаласында тұрғын үй, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым объектілерін салушы болды.
Көпжылдық және адал еңбегі үшін және Құрылысшы күнін мерекелеу құрметіне орай Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы грамоталарымен қалалық атқару комитетінің күрделі құрылыс бөлімінің зейнеткерлері – В. П. Букарева, В. П. Монахова, Т. П. Лазарева, Ю. И. Калинин, Т. Л. Жилинская, С. И. Коробовская, Л. И. Шмакова, Л. С. Колодий, Л. Б. Белова марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-saulet/press/news/details/1048244?lang=kk
Жауап қалдыру