Семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы әкімінің аппараты мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті «Облыстың жергілікті атқарушы органдар жұмысын тиімді үйлестіру» тақырыбында қала, аудан әкімдіктері және сала бойынша жауапты мамандардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – ауылдық округтердің жұмысын заңнама талаптарына сай үйлестіру, жергілікті қоғамдастық жиналыстарын жандандыру және дербес бюджетті тиімді қалыптастыру жолдарын талқылау.

Семинар барысында келесі өзекті мәселелер қаралды: ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-2-бабы және тиісті министрлік бұйрықтарына сәйкес қоғамдастық жиналыстарын тиімді ұйымдастыру; ҚР ӘҚБтК-нің 729-бабы аясында айыппұл салу тәртібін түсіндіру.

Семинар модераторы – облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Н.М. Боранқұл және облыс бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің аға прокуроры А.К.Жолдасбеков, сондай-ақ қала, ауданның тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл семинар жергілікті басқару сапасын арттырып, ауылдық округтердің әкімшілік дербестігін нығайту жолында маңызды қадам болды.

#Закон_и_порядок

#Заң_мен_тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1047670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді