
Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» өткен «Отбасы құндылығы: кеше және бүгін» атты ашық есік күніне Шымкент қаласы Әділет департаменті қатысты.
Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы байланысты берік ету және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды.
Ашық есік күніне Әділет департаментінің өкілдері А.Б.Қаратаев, А.А.Усманалиев және Полиция департаменті бөлімшесінің қызметкерлері, «Аманат» партиясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, жас отбасылар кеңесі, медиатор және орталық заңгерлері қатысты.
Шара барысында отбасылық құқық, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және тұрмыстық жанжалдарды шешу жолдары бойынша кеңестер берілді. Қатысушыларға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық бағытта қолдау көрсетілді.
Кездесу соңында қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, отбасы – қоғамның іргетасы екенін тағы бір мәрте атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1048109?lang=kk
Жауап қалдыру