
Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде қызметкерлер мен олардың балалары арасында «Бес асыл іс…» атты байқау ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және мәдени дәстүрлерді нығайту.
Қатысушылар музыкалық қойылымдар әзірлеп, Абайдың әндерін орындап, қара сөздері мен өлеңдерін оқыды, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптарда өнер көрсетті.
Әсіресе, қызметкерлердің балалары қатысқан сахналық қойылымдар көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, ұлы ақын шығармаларының рухын жеткізе білді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kva/press/news/details/1048331?lang=kk
Жауап қалдыру