Ашықтық пен сенім – авторларды қорғаудың негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елдің мәдениеті мен шығармашылық әлеуетінің дамуы – авторлардың құқықтарын сенімді қорғаусыз мүмкін емес. Қазақстандық композиторлардың, жазушылардың, орындаушылардың туындылары – ұлттық бірегейліктің, отандық мәдениеттің бір бөлігі және әр автор өзінің еңбегі үшін әділ сыйақы алуға құқылы.

Құқықтарды ұжымдық басқару жүйесі құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау, сыйақыларды жинау үдерісін жеңілдету және оларды әділ бөлу мақсатында құрылған. Алайда ашықтық пен есептіліктің жеткіліксіздігі мұндай жүйенің басты құндылығы болған авторлар мен қоғамның сенімін жояды.

Авторлар қаражат қозғалысының нақты көрінісін көрмей, сыйақыны бөлу мәселелері жауапсыз қалған жағдайда, өздерінің негізгі функциясын орындамайтын ұйымдардың қажеттілігіне күмән туындайды.

Сенім жоқ жерде – қорғау да болмайды. Өзінің құрылу мақсатын ұмытқан ұйымның қоғамға қажеті болмайды. Авторларды қорғау – ел азаматтарын қорғау. Бұл саладағы әділ заң мен ұйымдардың ашық жұмысы – мәдениетті дамытуға, сенімді нығайтуға және шығармашылық мұраны сақтауға негіз болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1048190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді