
Жазасын өтеп отырған адамдар үшін ынтымақтастықты кеңейту және жұмыс көлемін ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті “Батыс Су Арнасы” ЖШС, “Жайық жылу Энерго” АҚ, “Жұлдыз ПРО” ЖК тағы да басқа кәсіп өкілдерімен және ҚАЖ мекемесінің базасында жұмыс істейтін тігін өндірісінің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында арнайы киім, жеке қорғаныс құралдарын дайындауға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тігуге тапсырыстарды орналастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға сотталғандардың қолымен тігілген дайын арнайы киімнің үлгілері көрсетілді.
Мұндай жобаларды іске асыру сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, оларда қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және босатылғаннан кейін әлеуметтік қоғамға бейімделуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048310?lang=kk
Жауап қалдыру