Интернет арқылы тағамға тапсырыс беру кезінде нені ескеру керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халық арасында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының пайда болуын болдырмау мақсатында интернет (әлеуметтік желілер) арқылы тағамға тапсырыс беру кезінде мыналарды ұсынамыз:

  • тапсырыс бермес бұрын сайттан ақпаратты табыңыз: фирмалық атауы, орналасқан жері (тамақ дайындалатын стационарлық объектінің мекенжайы) және жұмыс режимі;
  • төлемді жеке тұлғаларға аудармаңыз, чекті (сатушының мекенжайымен) электрондық поштаға немесе телефонға жіберетіндігін нақтылап алыңыз;
  • тағамның атауы, жарамдылық мерзімі және қаптамадағы құрамы, сондай-ақ өнімнің салмағы (көлемі), оның тағамдық құндылығы көрсетілгеніне назар аударыңыз. Өнімдерде дайындалған күні мен сағаты және сақтау шарттары көрсетілуі керек;
  • интернет арқылы ресімделген тамақ өнімдерін тұтынар алдында қаптаманың (контейнерлердің) тұтастығын және өнімнің бүлінбегендігін тексеріңіз. Тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз;
  • азық-түлік өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз;
  • «күмәнді» сайттар арқылы кездейсоқ адамдардан үйде дайындалған өнімдерді, кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз.

Улану белгілері болған кезде дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек және ешқандай жағдайда өзін-өзі емдемеу керек!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1048318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді