КОНКУРС: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы білім басқармасының кеңсесі немесе tiposhymkent@mail.ru электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

    Бұйрықтың 2 тарау, 13-тармағына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы конкурстық өтінімді және Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық картаны (дәлелдеме құжаттарын ұсына отырып) толтырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2025 жылғы 7-8 тамыз аралығында тапсыруы тиіс екенін ескертеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1048149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді