
Құтырма – жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық жұқпалы ауру.
Ауруға бейімділер: адамдар, барлық сүт қоректілер жануарлар және құстар. Вирус сілекейден бөлінеді, жануар тістегеннен кейін, тырналған және зақымданған тері сілекейленген жағдайда ауру пайда болады.
Уақытылы жасалған вакцинация құтырмаға қарсы күрестің ең сенімді және тиімді тәсілі, адамдар мен жануарларда аурудың өршуіне жол бермейді.
Жеке аулаларында иттері мен мысықтары бар азаматтар жануарларының уақытылы құтырмаға қарсы екпе алуын қамтамасыз етуі қажет!
Егер адамды жабайы жануарлар мен үй жануарлары тістеген немесе тырнаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1048321?lang=kk
Жауап қалдыру