
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызмет ардагері Жанат Төлегенқызы Айдарбекованы зейнеткерлік жасына шығуымен құттықтау рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мен басшы орынбасарлары Әсел Тоқанқызы Қалықова, Гаухар Сұлтанқызы Каткенова Жанат Төлегенқызын құттықтап, ұзақ жылғы қызметі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ Департамент басшылығы Жанат Төлегенқызының 40 жылға жуық қызметіндегі жетістіктерін атап өтіп, жас мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу жолындағы еңбектерін бағалады.
Өз кезегінде Жанат Төлегенқызы Департамент басшылығына жалпы ардагерлерге көрсетіп жатқан ерекше құрметке ризашылығын білдіріп, қызметтің жұмысына сәттілік тіледі.
Жанат Төлегенқызы 1963 жылы 7 тамызда қазіргі Абай облысы Көкпекті ауылында дүниеге келіп, 1983 жылдан бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде талмай еңбек етті.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету жолында, оның ішінде COVID-19 пандемиясымен күресте үлкен үлес қосты.
Қызметте жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Медеу ауданына 80 жыл» медалімен, жоғарғы тұрған орган және жергілікті атқарушы органдар тарапынан әр түрлі марапаттауларға ие болған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1048120?lang=kk
Жауап қалдыру