ШҚО полициясында кадрлық тағайындаулар мен зейнетке шығару шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                             ШҚО полициясында кадрлық тағайындаулар мен зейнетке шығару шарасы өтті

Салтанатты жағдайда ШҚО Полиция департаментінің көп жылын Заң мен тәртіпке арнаған қызметкерін құрметпен зейнетке шығарып салды.

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жеке құрамды кадрлық тағайындаулармен құттықтап, зейнетке шыққан полиция майоры Марат Аманжоловқа шынайы алғысын білдірді. Өз сөзінде былай деп атап өтті:
«Адал еңбек – барлығының негізі. Ұлы Абай айтқандай: «Адал еңбек – адамның шын бақыты.» Сіз қауіпсіздік саласына қосқан елеулі еңбегіңіз арқылы жас полицейлерге жарқын үлгі болып қаласыз», – деді департамент бастығы.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қатысушыларға даналықтың, білім мен еңбекке деген құрметтің белгісі ретінде оның қара сөздері жазылған естелік блокноттар табысталды.

Жиын жылы атмосфереда, өзара сыйластық пен құрметке толы жағдайда өтті. Әріптестері ардагерге адал қызметі үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасына амандық және жаңа өмір кезеңінде сәттілік тіледі.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1048333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді