Шымкенттік маман – үздік инспекторлар қатарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Тұран ауданы ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Сүйінбай Баратов өрт қауіпсіздігі саласындағы үздік инспекторлар қатысқан республикалық конкурста жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Аталған байқау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп, оған еліміздің барлық өңірлерінен үздік мамандар қатысты. Қатысушылар нормативтік-құқықтық базаны меңгеру деңгейі, тексеру жүргізудегі практикалық дағдылары және құжаттамамен жұмыс жүргізу шеберлігі секілді бірқатар кәсіби өлшем бойынша бағаланды.

Сүйінбай Баратов осы байқауға дейін өңірлік кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. Өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін дәлелдей білген ол тартысты сыннан сүрінбей өтіп, үздік үштіктен көрінді.

Үздік өрт қауіпсіздігі инспекторын анықтауға арналған байқау жыл сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – өртке қарсы қадағалау саласындағы кәсібилікті арттыру, сала мамандарының беделін көтеру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1048349?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді