Таза қала – ортақ міндет: ТЖД сенбілікке атсалысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты.

Акция барысында қызметкерлер белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, құрғақ шөптерді орып, сыпыру жұмыстарын бірлесе атқарды. Сенбілікке Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері де жұмылдырылды.

Мұндай шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және таза әрі жайлы орта қалыптастыруға үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1048329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді