Техникалық қадағалаумен бірлесіп Қарабұлақ ауылындағы «Мәдениет үйінің құрылысы» нысанына күнделікті шығу жүзеге асырылуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылында салынып жатқан мәдениет үйі құрылыс нысанында техникалық қадағалаумен бірлесіп күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы назарға алынып, тұрақты түрде тексерілуде.
Еске сала кетейік, нысандағы құрылыс жұмыстары «Таир» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру, бордюр мен брусчатка төсеу, жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1048174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді