ТЖМ құтқарушылары өрт қауіпті маусымда рейдтер жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жаз – өрт қаупі жоғары уақыт. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері – от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, отты абайсыз пайдалану, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы.

  Шағын алау, қоқысты немесе құрғақ шөпті жағу үлкен өртке әкеп соғуы мүмкін. Өршіген өртті тоқтату қиын, ол ғимараттарға, көліктерге таралуы, адамның жарақаттануына және өліміне әкелуі мүмкін.

  Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері республикада 414 орман өрті, дала алқаптарында 24 өрт, құраған өсімдіктің 1 742 жануы тіркелді.

  Орманды дала алқаптарында рейдтер мен патрульдеу жүргізілуде. Ол үшін азаматтық қорғау, ішкі істер, табиғатты қорғау және  орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды. Өрттің алдын алу мақсатында орман-дала алқаптарында және халықтың демалыс орындарында 11 515 рейд жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 3978 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау және орман мекемелерімен 332 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

  Шаруашылық жүргізуші субъектілермен және тұрғындармен 281 735 адамды қамтып 3 591 жиын, 45 811 нұсқама, 1 837 дөңгелек үстел өткізілді.

  ТЖМ тәулік бойы өрт жағдайының мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізуде. Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды, өрт күзеттері қойылды. 

  ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Сергек болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, от жақпаңыз, қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз.  Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз. Есіңізде болсын: өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1048298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді