

Жоба Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен “Қазақмыс” корпорациясының қолдауымен Ұлытау халқына кардиологиялық көмек көрсетудің мемлекеттік кешенді бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама аймақ тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған алдын алу шараларын, ерте диагностикалауды және жоғары технологиялық араласуларды қамтиды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін 2023 жылы Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, “UMC” корпоративтік қоры, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС, “Жезқазған” медициналық орталығы арасында өңірде кардиохирургияны дамыту туралы меморандум жасалды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова оқиғаның тарихи маңыздылығына назар аудара отырып, “бұл өте көптен күткен сәт және Ұлытау халқына кардиохирургиялық көмек көрсету статистикасын есептеудің бастауы болып табылады. Біздің облыс құрылғаннан бергі үш жыл ішінде медицина саласында көптеген істер атқарылды, оның ішінде, кардиологиялық қызметтің жұмысы жан-жақты құрылуда, кадр тапшылығы мәселесі шешілуде, өңірге келген дәрігерлер үшін жағдай жасалуда және бұл бағытта жұмыс жалғасуда”.

– Біздің жүрек орталығымызда біз мынадай қағида бойынша жұмыс істейміз: бірінші кезекте пациент маңызды. Сондықтан медицинаны пациентке жақындату маңызды, керісінше емес. Жоғары білікті медициналық көмек адамға неғұрлым жақын болса – Қазақстан соғұрлым дамыған болады”, – деп атап өтті Юрий Пя.


“UMC” командасы Ұлытауға операциялар жүргізу және әріптестерін жергілікті жерлерде оқыту үшін тұрақты келіп тұруды жоспарлап отыр. Еліміздің бас кардиохирургы атап өткендей, “Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық” АҚ – ның міндеті-елордада ғана емес, өңірлерде де бастамаларды дамыту. Бұл өз әдістемелері мен технологияларын бүкіл ел бойынша таратуға арналған мемлекеттік мекеме”.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-densaulyk/press/news/details/1048107?lang=kk
Жауап қалдыру