ЖАҢА ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖАҢА ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША

Өңіріміздің электр және жылу энергиясының тапшылығын шешу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын 215 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүруде.

Нысанның инвесторы – «Акса Энерджи» түрік компаниясы болып табылады. Бүгінгі күні жылу орталығының құрылысына 145 млрд.теңгеден аса инвестиция салынды.

Жоба аясында қуатылығы 180 МВт-тық 2 дана газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы 120 тн/сағ құрайтын 2 дана бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 150 Гкал/сағ құрайтын 4 дана жылу қазандығы (Mimsan, Түрия) салынатын болады. Бүгінгі күні 75 пайызға жуық құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, бюджет есебінен жалпы құны
15 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығына дейін газ құбырын жүргізу жұмыстары толығымен аяқталды. Жоба аясында автоматтандырылған газ тарату станциясы мен
45 шақырым газ құбыры салынды.

Бүгінгі күні құрылыс алаңында 1200-ден аса адам және
130 дана арнайы техника жұмыс жасауда. Жұмысшылардың негізгі бөлігі – жергілікті тұрғындарды құрайды.

Станцияны 2025 жылдың 4 тоқсаннында іске қосу жоспарлануда (бірінші кезекте 2025 жылы 1 газотурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы қосылатын болады, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады).

Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бұл жоба облыстың энергетикалық әлеуетін едәуір күшейтіп, бүкіл өңір үшін ұзақ мерзімді тұрақтылық пен даму негізін қалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1048072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді