
2025 жылдың 8 тамызында ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев Әулиекөл ауданының әкімі Ж.К. Таукеновтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Күн тәртібінде Әулиекөл ауданының аумағында бруцеллезге қарсы күрес бойынша нақты шараларды әзірлеу және қабылдау мәселесі қаралды.
Кеңеске барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шақырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша осы инфекцияға қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу арқылы бруцеллез ауруынан сауықтыру жөнінде шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1048151?lang=kk
Жауап қалдыру