
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысында кемеңгер тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестің төрағалары, басқарма басшылары, ардагерлер, зиялы қауым, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар, жоғары оқу орындарының ректорлары, әдебиет сүйер қауым қатысты.
Ұлы ойшылдың айтулы мерейтойына байланысты облыс орталығы мен аудандарда әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, «Абай оқулары» сияқты танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өтуде.
Айта кетейік, Жамбыл облысында Абай есімімен аталатын 1 ауылдық округ, 2 елді мекен, 1 даңғыл, 113 көше мен тұйық жолдар, сондай-ақ 11 білім беру мекемесі, 1 колледж, 1 бастауыш мектеп-гимназия және 1 кітапхана бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1048432?lang=kk
Жауап қалдыру