
Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды. Гүл шоқтарын қою рәсімі оның ұлттық әдебиет, философия және білім беру ісінің дамуына қосқан айрықша үлесін мойындаудың, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа аманат еткен рухани құндылықтарына құрмет көрсетудің символына айналды.
Абай мұрасы бүгінгі және келер ұрпаққа шабыт беріп, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөлін сақтап келеді және қазақстандық қоғам үшін өзекті мәнге ие.
Салтанатты іс- шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылым және мәдениет саласы өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1048409?lang=kk
Жауап қалдыру