
2025 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі Басшысының орынбасары Рашид Еришев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ Достық үйінде ұйымдастырды.
Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстанның СІМ Абай мұрасын әлемдік қауымдастықта дәріптеу мен мәңгі есте қалдыруға бейілділігін атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, білім беру мекемелері мен БАҚ қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1049168?lang=kk
Жауап қалдыру