Әуе электр беру желілерінің жаңа ақау анықтау жүйесі пилоттық сынақтан сәтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуе электр беру желілерінің (ЭБЖ) ақау анықтау жүйесі – ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы желілік инфрақұрылым нысандарындағы ақауларды автоматты түрде анықтауға арналған цифрлық сервис, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. 

ЭБЖ ақау анықтау жүйесі ЖЭК-ті цифрлық трансформациялау картасына сәйкес «Жанармай-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (EnergyTech) ақпараттық жүйесі аясында енгізілуде.

Цифрлық сервис келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

бейнематериалдар, фотосуреттер, термобейнелеу және LiDAR-деректерді талдау арқылы ЭБЖ-дегі ақауларды автоматты анықтау;

анықталған ақауларды техникалық нүктелерге байланыстыра отырып, нысандарды цифрлық тіркеуден өткізу;

техникалық жағдайды машиналық оқыту арқылы талдау (анықтау дәлдігі – 98%-ға дейін);

жасанды интеллект модельдерін қайта оқытуға арналған эталондық мәліметтермен салалық визуалды ақпарат дата-орталығын құру;

ақауларды техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚКжЖ) жүйелеріне автоматты түрде бағыттау сценарийлері.

Жүйе Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан EnergyTech платформасының архитектурасына интеграцияланған. Бұл жүйе электр энергиясын жеткізу және тарату желілеріндегі апаттылықты азайту, проактивті диагностика мен цифрлық техникалық қадағалауға көшуге негіз қалайды.

Сондай-ақ, бұл жүйені енгізу Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаның мақсат-міндеттеріне толық сәйкес келеді. Осы жоба аясында Энергетика министрлігі салалық негізгі үдерістерді кең көлемде цифрландыруды жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1048689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді