
Биыл 10 тамыз күні елімізде ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтті.
Атаулы күнге орай Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
Мерекелік іс-шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімінен басталды. Ойшылдың рухына тағзым етуге облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, мәслихат төрағасы Анар Даржанова және депутаттар, ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері, студенттер және қала тұрғындары келді.
Шара «Абайдың дүниеге келуі» атты әсерлі монолог-қойылыммен жалғасты. Одан кейін «Алақай» қуыршақ театры «Абайдың балалық шағы» спектаклін көрермен назарына ұсынды, ал музыкалық үзілістерде ақынның сүйікті шығармалары – «Сегіз аяқ» және «Желсіз түнде жарық ай» орындалды.
Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры актерлерінің философиялық бейнені, Абайдың ойлары мен өнегелік ұстанымдарын тірілткен театрландырылған көріністері ерекше қызығушылық тудырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1048730?lang=kk
Жауап қалдыру