
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.А.Дәдебайдың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 24-41-9. 122-2 тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылдың 8 тамызында Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында, жергілікті атқарушы органдары, кәсіпкерлік палатасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы өкілдерінің және «Бурное сүт компаниясы» ЖШС өкілінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында өңіріміздегі географиялық нұсқамаларды коммерцияландыру, оларды ішкі және сыртқы нарықтарда тану және тарату мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1048734?lang=kk
Жауап қалдыру