
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Аудандық Қоғамдық кеңес отырысына төрағасы Р.Уразалиев төрағалық жасады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15 бабының 3 тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты, Қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылдау үшін дауыс берілді. Қоғамдық кеңестің резервтік тізіміндегі Досмұхамбет Әлихан Декартұлы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылданды. Күн тәртібіне бес мәселе ұсынылды. Алғашқы болып аудандық аурухананың директоры Д.Кукенов аудандық аурухананың 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндама жасап, дәрігерге дейінгі кабинеттің, ерлерді және әйелдерді қарау бөлмесінің жұмысын қатаң бақылауға алу; онколог дәрігерімен апта сайын ауылдық елді мекендерге барып тексеру жұмыстарын күшейту; дәрігерге дейінгі кабинеттің, ерлерді және әйелдерді қарау бөлмесінің қызметкерлерінің білімін жетілдіру; тұрғындар арасында профилактикалық тексерілу, аурудың ерте сатысында медициналық көмекке жүгіну бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру; 65 жастан асқан тұрғындарды сапалы тексеруді бақылауға алып, күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізу; 15 наурызда 2022 жылғы № ҚР ДСМ – 25 бұйрығына сәйкес жұмыс жандандыру; ана өлімі мен нәресте өліміне жол бермеу мақсатында босанатын жастағы әйелдерді қатаң есепке алып, №92 бұйрық бойынша топтарға бөлінген әйелдердің созылмалы ауруларын уақытында сауықтыру; 1- 5 жасқа дейінгі балаларға №25 бұйрыққа сәйкес патронаж жұмысын жандандыру,мүгедек балалардың сауықтыру жұмыстарын жандандыру, орфанды ауруы бар балаларды үнемі бақылауда ұстау; жоспарлы екпе жұмысын жандандыру; аудан тұрғындарын жыл сайын флюрографиялық тексеруден өткізу;.№75 бұйрыққа сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау. №651 /2022 бұйрық бойынша скрининг жұмысын 100% орындау және анықталған ауруларды сауықтыру. Ауруханаға шұғыл түрде жатқызылу жұмысын қадағалау, азайту мақсатында ЖТД жұмысын жандандыру мақсатында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Екінші мәселе бойынша аудандық ветеринариялық станцияның басшысы М.Қадырбеков аудандық ветеринариялық станцияның 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндап, 2025 жылдың II тоқсаны бойынша 011 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» жоспарына сәйкес жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала егу, зерттеулер жұмыстары жүргізілуде, атап көрсететін болсақ: егу жұмыстары Құтыру МІҚ-3300бас, ит-520, Аусылға қарсы МІҚ-72000 бас, ҰМҚ-116700 бас, Пастереллез МІҚ-32400 бас,ҰМҚ-9600 бас, Сібір жарасына МІҚ – 30000 бас,ҰМҚ-51300 бас , жылқы-5000. Эхниккокоз итке қарсы таблетка 2600 доза таратылып, орындалды. Оба түйе-295, Қарасан МІҚ-30000 егу жұмыстары жүргізілді. Туберкуллез МІҚ -6200 зерттеліп ауру мал тіркелген жоқ. Ауданымызда бруцеллезге (Сарып ауыруына) МІҚ-37750 зерттеліп, 142 бас оң нәтиже, ҰМҚ-72450 бас зерттеліп 23 бас оң нәтиже және түйе 150 бас зерттеліп 2 бас оң нәтиже беріп, бәрі уақытымен мал сою алаңдарында жойылды. Бруцеллез ауруын алдын – алу және жоюда маңызды, әрі негізгі шара болып табылатын жануарлар және құс қора-жайларын бұқырлау (дезинфекция, дезинсекция ДУК автокөлігімен) жұмысы ауданымызда өз деңгейінде атқарылып келеді, биылғы жылда жалғасын табады. Үшінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі,жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Е.Макишев аудандық полиция бөлімінің 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндады. Сонымен қатар, тас жолдың бойындағы бағымсыз жүрген малдардың қатысуымен жасалатын жол көлік оқиғалары алаңдататындығын, интернет алаяқтықтың өршіп тұрғаны өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы туралы мәлімдеді. Төртінші мәселе бойынша аудандық мансап орталығы директорының м.у.а. А.Аткешова аудандық мансап орталығының 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндама жасап, 2025 жылдың 1 шілдеге тіркелген 678 жұмыссыз, жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрап, аудан бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 526 адам қамтылған. Тұрақты жұмыспен 186 адам қамтылғанын немесе жоспар 37,0%- ға орындалғанын баяндады. Бесінші мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Д.Танзенов аудандық білім беру бөлімінің 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндады. Облыс әкімімен бекітілген 2025-2027 жылдарда білім саласы бойынша өткізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарына М.Мирманов, С.Мендешев, Жаңақала, Айдархан, қазақ жалпы білім беретін мектептер енгізілген. Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін жасады. Күн тәртібіндегі мәселелердің қаралып болуына байланысты, отырыс өз жұмысын қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1048626?lang=kk
Жауап қалдыру