
Қажымұқан ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікті ауыл әкімдігі ұйымдастырып, шараға ауыл тұрғындары және жастар белсене қатысты. Қатысушылар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Мұндай шаралар — туған өлкені таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамалардың бірі.
Бірлескен еңбектің нәтижесінде өзен жағасы біршама тазарып, көркейе түсті.
Ауыл тұрғындары алдағы уақытта да осындай игі істерге белсене қатысуға ниетті екендерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1049200?lang=kk
Жауап қалдыру