
Париж, 2025 жылғы 10 тамыз – Парижде ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мүсініне гүл қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Париж қаласындағы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов, “Абай” мәдени орталығының директоры Баян Жанбауова, елшілік қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және француз азаматтары қатысты.
Қатысушылар Абайдың бірлік, білім мен рухани жетілу туралы әлі де өзекті ойларын еске алды. Сонымен қатар, қазақ және француз тілдерінде оның өлеңдерінен үзінділер оқылды.
Бұл рәсім – Қазақстанның ұлттық данышпанына деген құрметтің айқын көрінісі. Ол Абайдың шығармашылық мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын, сондай-ақ оның еңбектерінің екі халық арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланысты нығайтудағы рөлін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1049125?lang=kk
Жауап қалдыру