
Қостанай облысында
«Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын (2023–2027 жылдарға арналған), экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру аясында Қостанай облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы жарияланады.
📌 Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға ынталандыру.
📌 Конкурстың міндеттері – экологиялық мәдениетті нығайту, ауылды абаттандыруды, инфрақұрылымды, демалыс пен спорттық белсенділікті дамыту.
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден
2025 жылғы 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін.
📬 Өтінімдер белгіленген үлгі бойынша (1-қосымша) [akowa_2012@mail.ru] электрондық поштасына немесе WhatsApp: 8 778 515 29 95 нөміріне жолданады.
Ауыл туралы бейнеролик және растайтын құжаттарды қоса тапсыру міндетті.
Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі.
🎁 Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады:
-
тірек ауылдар арасында
-
серіктес ауылдар арасында
-
өзге ауылдар арасында
📣 Қостанай облысының барлық ауылдық елді мекендерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!
Өзгелерге үлгі болыңыз – Үлгілі ауыл қандай болатынын көрсетіңіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1048639?lang=kk
Жауап қалдыру