
Құрылыс саласының бюджеті ағымдағы жылы Қостанай ауданында 13,2 млрд теңгені құрайды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша өңірде құрылыс саласы, әсіресе Тобыл қаласындағы «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында белсенді дамып келеді.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 32 934,7 шаршы метр, 450 пәтерге есептелген он бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, жалпы ауданы 42 815,1 ш. м. болатын тағы он үш бес қабатты үй салуға шарттар жасалды.
Жыл соңына дейін жоспарлы түрде аяқталатын жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу сатысында құрылыс бойынша жобалар тұр:
Жалпы ауданы 109 440 шаршы метр 12 тоғыз қабатты тұрғын үй;
Жалпы ауданы 33 344 ш. м. болатын 4 он жеті қабатты тұрғын үй.
Тұрғын үй құрылысымен қатар жаңа шағын аудандар үшін заманауи инженерлік инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде:
Қуаты 49,5 МВт газ қазандығы-құны 3,1 млрд теңге;
Қуаты 50 МВт «Шығыс» қосалқы станциясы – құны 5,7 млрд теңге.
Инфрақұрылымның екі объектісі бойынша да іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жалпы бюджеті 2,1 млрд теңгені құрайтын шағын аудандардың алаңішілік желілерін (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау) салу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1049203?lang=kk
Жауап қалдыру