Құрылысшылар күнімен Сандытау ауданы әкімінің құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – бұл жай ғана мамандық емес. Бұл – жасампаздық, бұл – адамдардың өмірінде, ел тарихында, жер бетінде өшпес із қалдыратын еңбек. Сіздердің қолдарыңызбен тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, жолдар мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. Олар бүкіл қоғам мен әр отбасының игілігіне қызмет етуде.
Кәсібиліктеріңізге, еңбекқорлықтарыңызға және жауапкершіліктеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Саланың ардагерлеріне ерекше алғысымды айтқым келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен даналықтарыңыз — жаңа буын құрылысшылар үшін берік іргетас.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, тұрақтылық, бақыт пен еліміздің және ауданымыздың игілігі жолындағы игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі
Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1049171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді